
Шот-фактураны: қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушілер;
төменде көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер жазып беруге міндетті:
комиссионер; экспедитор; мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарған кезде оның ведомствосы;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалған, сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
Салық төлеушілер: жүктерді халықаралық тасымалдаудың көрсетілетін қызметтері бойынша;
ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кедендік қоймалардың иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын;
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда;
импортталған тауарларды өткізген жағдайда;
салық төлеушіге келіп түскен және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің “Виртуалды қойма” модуліне келіп түскен кезде есепке алынған тауарларды өткізетін;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын, сондай-ақ техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша;
адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша адвокаттық осындай кеңсені дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат көрсеткен заң көмегі жөніндегі адвокаттық кеңсе.
Шот-фактура Салық Кодексінің ережелері ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша жазып беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1278087?lang=ru

Жауап қалдыру