Алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сату фактісі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Назар аударыңыз, балалар!» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары алкоголь өнімдерін өткізу талаптарының сақталуына бағытталған тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында азық-түлік дүкендерінің бірінде алкоголь өнімдерін белгіленбеген уақытта сату фактісі анықталды. Сонымен қатар, дүкен иесінің алкоголь өнімдерін өткізуге тиісті лицензиясы болмағаны белгілі болды.

Құқық бұзушылық дерегі бойынша алкоголь өнімдері заңды шешім қабылданғанға дейін тәркіленді.

Аталған факті бойынша дүкен иесіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200 және 463-баптарына сәйкес әкімшілік шара қолданылды.

Полиция алкоголь өнімдерін сату кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Белгіленбеген уақытта алкоголь өнімдерін өткізуге және тиісті рұқсатсыз сауда жасауға жол берілмейді.

Құқықтық талаптарды сақтау – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.

https://www.instagram.com/reel/DcQtaR-KlZd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1278094?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді