
Жетісу облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ересектердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтер мен тексерулер жүргізіп, балалар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда. Әсіресе қолайсыз отбасыларға және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүруінің алдын алуға ерекше назар аударылуда.
Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған отбасылар тексерілді. Ата-аналармен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бермеу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңнама талаптары және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
«Баланың қауіпсіздігі әрбір ересек адамның жауапкершілігінен басталады. Ата-ана баласының қайда жүргенін, кіммен уақыт өткізетінін және үйге қандай бағытпен қайтатынын білуі тиіс. Балаларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үнемі ескертіп отырған маңызды», — деп атап өтті полиция.
Полиция ата-аналарды балаларға көбірек көңіл бөлуге, жол қозғалысы және қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге, қауіпсіз бағыттарды таңдауға, сондай-ақ жарық шағылыстыратын элементтерді — фликерлерді пайдалануға шақырады.
Балалардың қауіпсіздігі — баршаға ортақ міндет. Тек бірлескен күш-жігер арқылы әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдай қалыптастыра аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1278112?lang=ru

Жауап қалдыру