
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №215 бұйрығымен жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Енді өтемақы алу құқығын растау үшін прокуратура органдарының ақталғаны туралы анықтамасы немесе сот актісі ұсынылады. Құжатта азаматтың заңда көрсетілген орындарда болған кезеңі көрсетілуі тиіс.
Ал саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары қосымша туу туралы куәлігін немесе тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді көшірмені ұсынады.
Жаңа тәртіп бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1277503?lang=kk

Жауап қалдыру