Түпқараған ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында есірткі қолдану фактісі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түпқараған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері азаматтардың заң талаптарын сақтауына, қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз етуге және есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Рейдтік іс-шара кезінде полиция қызметкерлері есірткі затын қолдану фактісін анықтады. Аталған дерек бойынша азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы талаптарына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Полиция қызметкерлері есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың қоғамға және азаматтардың денсаулығына келтіретін зиянына ерекше назар аударады. Мұндай әрекеттердің алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Құқықтық тәртіпті сақтау – қоғам қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Сондықтан әр азамат заң талаптарын сақтап, құқық бұзушылыққа жол бермеуге және айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тиіс.

Түпқараған аудандық полиция бөлімі тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға және есірткі заттарының кез келген түрінен аулақ болуға шақырады.

Полиция сондай-ақ ата-аналарды жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың ортасына көңіл бөлуге және есірткі мен өзге де зиянды әдеттердің алдын алу мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

«Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы аясындағы рейдтер мен түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

https://www.instagram.com/reel/DcP-n1OCxmq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1277495?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді