
Ұлытау облысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама аясында сырттай форматта мүгедектікті белгілеу бойынша 797 өтінім қаралды, бұл облыс бойынша куәландырудан өткен адамдардың жалпы санының 36 %-ын құрайды.
Сырттай проактивті куәландыру бірқатар нозологиялық нысандар бойынша қолданылады, оның ішінде онкологиялық аурулар, барлық локализациядағы туберкулез, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар, психикалық аурулар, балалардағы қант диабеті, балалардағы мукополисахаридоз, сондай-ақ ағзаларды трансплантациялаудан кейінгі жағдайлар бар.
2025 жылы сырттай куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесі едәуір кеңейтілді. Оған шынайы гидроцефалия, бір немесе бірнеше аяқ-қолдың тұрақты айқын салдануы мен терең парездері сияқты аурулар енгізілді.
Куәландыру және қайта куәландыру сырттай және сырттай-проактивті форматта жүргізіледі.
Көзбе-көз куәландыру кезінде мүгедектігі бар адамның қатысуымен Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде жүргізіледі.
Ал сырттай форматтағы медициналық-әлеуметтік сараптама кезінде өтініш берушіге тек тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, қажетті тексеруден өту жеткілікті.
Құжаттарды жолдаудан бастап сараптамалық шешім шығаруға дейінгі барлық келесі кезеңдер азаматтың жеке қатысуынсыз, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау есебінен жүзеге асырылады. №031/у нысанындағы медициналық құжаттар медициналық ұйымдардан МӘС бөлімшелеріне электрондық түрде жіберіледі.
Сырттай куәландыруға көшу:
– әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
– МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
– мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларын анықтау қызметтерін үйден шықпай алуға мүмкіндік береді;
– көрсетілетін қызметті алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланысты болдырмай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1277458?lang=ru

Жауап қалдыру