СОЗАҚ: ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ – ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕПІЛІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Департаменттің ұйымдастыруымен Созақ ауданында жұмыс берушілерге өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» бас маманы Биділдә Ербол Серікбайұлы, Созақ ауданы әкімінің орынбасары Маманов Серік Сахиұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және Созақ ауданында орналасқан жеке меншік мектеп, балабақша басшылары, жеке кәсіп иелері және білім беру саласының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жұмыс берушілерге қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандырудың маңызы түсіндірілді. Міндетті сақтандыру – қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге бағытталған маңызды әлеуметтік кепілдіктердің бірі.

Мамандар жұмыс берушілердің заңнама талаптарын сақтау, қызметкерлермен еңбек қатынастарын дұрыс рәсімдеу және өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.

Сонымен қатар, жазатайым оқиға орын алған жағдайда қызметкерге және оның отбасы мүшелеріне тиісті әлеуметтік қорғау тетіктерінің қарастырылатыны айтылды.

Жұмыс берушілерге қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарттарын уақтылы жасасудың маңыздылығы түсіндіріліп, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1277407?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді