
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыстық Қан орталығында қан тапсыру акциясын өткізді.
Департаменттің жеке құрамы мен құтқарушылары Қан орталығының тұрақты донорлары саналады. Олар дәрігерлер мен Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамының облыстық филиалының қан қорын толықтыру туралы үндеулеріне үнемі қолдау білдіріп келеді. Донор қаны операция кезегінде тұрған науқастар үшін аса қажет.
Бұл жолы да құтқарушылар мен өрт сөндірушілер адам өмірін сақтауға бағытталған маңызды іске өз үлестерін қосты. Өйткені өмірді құтқару тек қызмет барысында ғана емес, игі іс жасау арқылы да жүзеге асады.
«Біздің қызметкерлер қайғы мен адам қасіретінің не екенін жақсы біледі. Сондай-ақ зардап шеккендерге дер кезінде көрсетілген көмектің қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Бүгін Петропавл қаласындағы өрт сөндіру бөлімдерінің 16 қызметкері мен жедел-құтқару жасағының құтқарушылары “Жақсылық жасауға асығыңыз” деген үндеуге үн қосып, қан тапсырды», — деп атап өтті СҚО ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нариман Ашамаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1277289?lang=ru

Жауап қалдыру