Қостанай ауданында «Ұрпақтар байланысы үзілмесін»атты «Дөңгелек үстел»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         2025 жылдың 18 сәуірінде Қостанай аудандық мемлекеттік архивінде «Ұрпақтар байланысы үзілмесін» атты «дөңгелек» үстел өтті, онда Ұлы Отан соғысының тарихи жадын сақтаудағы мәдени, ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастығы, оны жас ұрпаққа жеткізу, жастарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие берумәселелері талқыланды.

         Шараға «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық ұйымының аудандық филиалының төрағасы В.Я. Ильминская, Қостанай орталық аудандық кітапханасының библиографы У.В. Зеркалий, И.Ф. Павлов атындағы ауылдың кітапханашысы В.И. Михалева, Заречный мектеп-лицейінің Әскери Даңқ мұражайының мұғалімі және меңгерушісі Т.М. Бурыкина, аудандық архив архивисті Ж.К. Жангужина қатысты. «Дөңгелек үстелдің» модераторы Қостанай аудандық мемлекеттік архиві басшысы Т. М. Морозова.

         «Дөңгелек үстел» барысында  қатысушылар осы ұйымдардың әрқайсысының Ұлы  Отан соғысы ардагерлерінің естелігі мен мұрасын сақтаудағы рөлін талқылады, олар өздерінің мақсаттары мен міндеттерінен не көреді, қазіргі мектеп оқушыларының Ұлы Отан соғысы тақырыбын қабылдауында қандай тенденциялар байқалады, ұрпақтар арасындағы  байланыс сақталды ма және оны нығайту үшін не істеу керек екендігі жайлы айтылды.

         Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы туралы  естелікті өскелең ұрпаққа қолжетімді, түсінікті және мазмұнды ету мақсатында аудан ұйымдарының  өзара іс-қимыл тетіктері мен жолдарын анықтау шараның бір мақсаты болды.

         «Дөңгелек үстелдің» нәтижесі тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар бірлескен іс –шараларды көбірек өткізу, әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық  іс-шараларда белсендірек әрекеттесу, іс-шараларды жоспаралау кезеңдерінде ынтымақтастық  перспективаларын талқылау туралы шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/979191?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді