Қызметтен қол үзбей спортпен шұғылдану: Қорғаныс министрлігінде жаңа фитнес-зал ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимаратында әскери қызметшілер мен әскери ведомство қызметкерлеріне арналған жаңа заманауи фитнес-залдың ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қатысты.
Фитнес-зал заманауи тренажерлермен және жеке жаттығулар өткізуге, әскери қызметшілердің дене дайындығын сақтауға арналған кардио-аймақпен жабдықталған. Жаңа спорт нысанының өткізу қабілеті тәулігіне 100 адамнан асады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін ерлер мен әйелдерге арналған жеке киім ауыстыратын және душ бөлмелері қарастырылған. Бұл қызмет орнынан алшақтамай, дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуға мүмкіндік береді.
«Әскери қызметшілердің физикалық дайындығы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігінің маңызды элементтерінің бірі. Қорғаныс министрлігінің ғимаратында заманауи спорттық жағдай жасау әскери қызметшілерге қызметтен қол үзбей жаттығуға, дене дайындығының жоғары деңгейін сақтауға және денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл ресурстарды ұтымды пайдалануға және сыртқы спорт залдарын жалға алуға жұмсалатын шығындарды азайтады», – деп атап өтті Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Дәурен Қосанов.
Фитнес-залдың ашылуы әскери қызметшілерге жаттығуларын тиімді жоспарлап, жұмыс күні ішінде қажетті дене дайындығы деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. Спорттық инфрақұрылымның қызмет орнында тікелей қолжетімді болуы салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қорғаныс министрлігінің спорттық инфрақұрылымын дамыту әскери қызметшілерге қолайлы жағдай жасауға және олардың физикалық дене дайындығын жоғары деңгейде ұстауға бағытталған. Бұл – жеке құрамның кәсіби даярлығының маңызды құрамдас бөлігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1278192?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді