
СТУДЕНТ-ҚЫЗМЕТКЕР ҮШІН ЖҰМЫС БЕРУШІ МӘМС ТӨЛЕУІ КЕРЕК ПЕ?
Егер жұмыскер «студент» жеңілдік санатына жататын болса, ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады.
Сонымен қатар, жұмыс беруші де мұндай қызметкер үшін МӘМС аударымдарын төлемейді.
Бұл талап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына және 28-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қолданылады.
Яғни, студенттің жеңілдік мәртебесі сақталған кезеңде жұмыскерден жарна ұсталмайды және жұмыс беруші тарапынан аударым жүргізілмейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1278208?lang=kk

Жауап қалдыру