Полицейдің жедел әрекеті: әйел адамға дер кезінде көмек көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
21 тамыз 13:50 шамасында Атырау қаласындағы маркеттердің бірінде полиция департаментінің Жеке құраммен жұмысы жөніндегі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Роман Есмұханов өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған 32 жастағы әйел адамды байқап, дереу көмекке келген.
Полицей әйел адамның жағдайын бағалап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін абайлап жатқызып, басын қорғап, тыныс алуын бақылаған.
Жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін полиция майоры әйел адамның жанынан табылып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Қызмет барысында азаматтардың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, қиын сәтте дер кезінде көмек көрсету – полицейлердің кәсіби міндетіне деген жауапкершілігінің көрінісі. Роман Есмұхановтың жедел әрі сабырлы әрекеті азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілгенге дейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1278226?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді