
2025 жылдың 18 сәуірінде Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеу аясында Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп «Құтқарушы роботтар» тақырыбында жобалар байқауын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен студенттердің зияткерлік меншіктің маңызын, оның ғылым мен технологиялардың дамуына қосатын үлесін түсінуін қалыптастыру, сондай-ақ авторлық құқықтарды қорғау мен патенттік мәдениетті насихаттау.
Байқауға қатысушылар күнделікті өмірде адамдарға көмек көрсететін, нақты мәселелерді шешуге бағытталған немесе бұрын мүмкін болмаған нәрселерді жүзеге асыруға жол ашатын жобаларын ұсынды.
Аталған байқау Қостанай облысының зияткерлік меншік құндылығын түсінетін және оны өз қызметінің бір бөлігіне айналдыруға ұмтылатын дарынды оқушылары мен студенттерін біріктірді. Әрбір қатысушы шығармашылық және ғылыми еңбекке деген құрмет мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Ең үздік және маңызға ие жобалардың авторлары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Level 1 санаты (12–14 жас):
1 орын — Любенко Андрей, Ткаченко Владимир — ҚММ «Пешков орта мектебі», Фёдоров ауданы
2 орын — Павлов Даниил, Ничай Павел — ҚММ «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі», Фёдоров ауданының білім бөлімі, ҚОБББ
3 орын — Жүсіпов Тимур — «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, Қостанай қаласы
Level 2 санаты (15–18 жас):
1 орын — Куприенко Данил, Шестак Лада — ҚММ «Мичурин жалпы білім беретін мектебі», Қостанай ауданының білім бөлімі
2 орын — Ақмағамбетов Диас, Мұсаинов Нұрасыл — С. Мауленов атындағы гимназия, Қостанай қаласы
3 орын — Садыков Марат, Жақсымуратов Нұрбол — Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Рудный қаласы
Байқау жеңімпаздары – жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасты және инновацияға деген ұмтылысты танытқан, өз қатарластарына үлгі бола алатын жас таланттар.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/979291?lang=kk

Жауап қалдыру