
№1 мекемесінде шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
№1 мекемесінде «Үміт» жобасын іске асыру аясында сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және пайдалы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық жұмыстар байқауы өтті.
Іс-шараға мекеме қызметкерлері мен сотталғандар қатысып, өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар өз еңбектерінде шығармашылық ізденістерін, ұқыптылықтарын, шеберліктері мен өзіндік ерекшеліктерін көрсете білді.
Байқау барысында комиссия мүшелері ұсынылған жұмыстарды мұқият бағалап, олардың орындалу сапасына, шығармашылық идеясына, безендірілуіне және өзіндік ерекшелігіне назар аударды. Әрбір жұмыс автордың еңбексүйгіштігі мен өз ісіне деген қызығушылығын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша комиссия үздік жұмыстарды анықтап, қатысушылар арасында жүлделі орындарды белгіледі. Жеңімпаздар шығармашылық ізденісі, жұмысты сапалы орындауы және ерекше идеялары үшін атап өтілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, пайдалы дағдыларын қалыптастыруға және бос уақытын мазмұнды өткізуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, шығармашылықпен айналысу олардың әлеуметтік бейімделуіне, оң көзқарасын қалыптастыруға және тұлғалық дамуына оң әсерін тигізеді.
«Үміт» жобасы аясындағы осындай іс-шаралар сотталғандардың бастамашылдығын қолдауға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/1278239?lang=ru

Жауап қалдыру