СҚО-да жыл басынан бері 40-тан астам адамның ҚР азаматтығына тиесілігі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілілікті анықтау — көші-қон қызметі қызметкерлері жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 40-тан астам адамға қатысты тиісті шешім қабылданды. Олардың қатарында ұзақ уақыт бойы жеке куәліксіз тұрған немесе 1974 жылғы үлгідегі ескі паспорты болған азаматтар бар.

Білу маңызды: Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтар үшін міндетті құжат болып табылады және 16 жастан бастап 10 жыл мерзімге беріледі. Жеке куәлікті алу немесе ауыстыру үшін тіркелген жеріне қарамастан кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады.

2026 жылдан бастап жеке куәлікті алғаш рет алу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты ауыстыру кезінде мемлекеттік баж төленбейді. Сонымен қатар жеке куәлік бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалған жағдайда мемлекеттік баж мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды.

Құжаттандыру мәселесін кейінге қалдырмаған жөн. Жеке куәліксіз немесе жарамсыз құжатпен тұру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабына сәйкес ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады.

Жеті айда СҚО көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке куәлік рәсімдеуге 23 687 өтініш және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын рәсімдеуге 11 304 өтініш қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1278260?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді