🔹Қазақстанда жұмыс орындарын субсидиялау және жұмыс берушілерге квота бөлу тәртібі жаңартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібін жаңарттыЕнді қызметкер қабылдайтын ұйымдар субсидияланатын жұмыс орындарын ашу үшін бұрынғыға қарағанда икемдірек талаптармен қатыса аладыСонымен қатар бұл бағыттағы барлық негізгі рәсім электронды форматқа көшіріліпжұмыс берушілерге қойылатын талаптар нақты әрі түсінікті етілді

Кімдер қатыса алады

Субсидияланатын жұмыс орындарын мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші негізінде ұйымдастырадыМұндай жұмыс орындарын ашуға коммерциялық заңды тұлғаларжеке кәсіпкерлершаруа және фермер қожалықтарыәлеуметтік кәсіпкерлермемлекеттік мекемелеролардың ведомстволары мен бағынысты ұйымдары өтініш бере аладыСондай-ақ дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 50 және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар да қатыса аладыҮкіметтік емес ұйымдаролардың филиалдары мен өкілдіктері де бұл тізімде бар.

Бұл ретте жұмыс берушілердің әр санатына қойылатын талаптар мен жұмыс орындарының саны әртүрліЯғни барлық жұмыс берушіге бірдей талап қолданылмайдыолардың қызмет түрі мен мәртебесіне қарай жеке тәртіп белгіленген

Сонымен бірге жұмыс берушінің ұйымдық құқықтық нысанына қарамастанбарлығына ортақ бірқатар талап бар. Олар кемінде 12 айдан бері жұмыс істеп келе жатқан болуы керекСондай-ақ ол банкроттық рәсімінде болмауыэкстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы заң талаптарын сақтауы және бұған дейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары аясында жасалған шарттарды тиісінше орындауы қажет

Бұдан бөлекжан басына шаққандағы мемлекеттік тапсырыс бағдарламаларыинфрақұрылымдық мемлекеттік сатып алулар немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аясында бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда субсидияланатын жұмыс орындары ашылмайды

Бұл талап бір шығынның мемлекеттік бюджеттен екі рет қаржыландырылуына жол бермеу үшін енгізілгенЯғни мемлекет қаржысы бір жұмыс орнына немесе бір шығынға бірнеше бағдарлама арқылы қайталанып жұмсалмауға тиіс. Осы арқылы бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану көзделеді

Субсидияланатын жұмыс орындарының саны жұмыс берушінің санатына байланысты белгіленеді

Үкіметтік емес ұйымдар үшін республикалық маңызы бар қалаларда 1-ден 10-ға дейін, ал өңірлерде 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орнын ұйымдастыруға боладыБұл ретте үкіметтік емес ұйымдар Үкіметтік емес ұйымдардың ресми дерекқорында тіркелген болуы қажет

Коммерциялық ұйымдаржеке кәсіпкерлершаруа немесе фермер қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орны қарастырылған

Бұл санатқа жататын жұмыс берушілердің жалақы бойынша қарызы болмауға тиісОлар соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты аударып келген болуы керекСонымен бірге бағдарламаның алдыңғы кезеңдеріне қатысқан азаматтарды тұрақты жұмысқа қабылдауы қажет

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін де 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орны қарастырылған

Ал ауылдық әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындарға қатысты бөлек тәртіп қолданыладыОлар үшін субсидияланатын жұмыс орындарының саны ауылдағы халықтың санына қарай белгіленедіМұндай жұмыс орындарының саны ауыл тұрғындарының жалпы санының 2 пайызынан 5 пайызына дейін болуы мүмкін

Барлық рәсім электронды түрде жүргізіледі

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудағы негізгі өзгерістердің бірі – осы процестің толық цифрландырылуыЕнді жұмыс берушілерді іріктеуазаматтарды ашылған жұмыс орындарына жолдау және қажетті құжаттарды тексеру электронды форматта жүзеге асырыладБұл жұмыстар Электрондық еңбек биржасы арқылы іске асады

Рәсімдерді цифрландыру қағаз құжаттарға деген қажеттілікті азайтыпөтініштерді тезірек қарауға жол ашадыСонымен қатар процестің ашықтығын арттырыпшешім қабылдаудағы адами факторды барынша шектеуге мүмкіндік береді

Осылайшасубсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудың жаңартылған тәртібі жұмыс берушілерге қойылатын нақты талаптардыолардың санатына қарай сараланған тәсілді және негізгі рәсімдерді толық цифрландыруды көздейді

Бұл өзгерістер субсидияланатын жұмыс орындарын нақты қажеттілікке қарай бөлугежұмыс берушілер мен бағдарламаға қатысушылар үшін рәсімдердің ашықтығын арттыруғасондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалануға мүмкіндік береді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1278259?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді