Астрахан ауданында қылмыстылықтың жай-күйі және құқық бұзушылықтар профилактикасы талқылынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астрахан ауданының прокуратурасымен жергілікті атқарушы және полиция органдарымен бірлесіп, аудан аумағындағы қылмыстылықтың жай-күйі және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізіліп, оның барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының №80, 81, 84, 85, 86 және 88 нормативтік қаулыларының ережелері түсіндірілді.

Кездесуге ауданның жергілікті атқарушы және полиция органдарының өкілдері, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Іс-шара барысында Астрахан ауданындағы қылмыстылықтың жай-күйі талқыланып, қылмыстардың өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларға ерекше назар аударылды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру және уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралды.

Ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердегі криминогендік ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен профилактикалық жұмысты күшейту, сондай-ақ қылмыстардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды уақтылы анықтап, оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігі жеткізілді.

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының №80, №81, №84, №85, №86 және №88 нормативтік қаулыларының негізгі ережелері түсіндіріліп, оларды құқық қолдану қызметінде тиісінше басшылыққа алу қажеттігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы және полиция органдарына профилактикалық жұмысты жандандыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және аудан аумағындағы қылмыстылық деңгейін төмендетуге бағытталған нақты шараларды қабылдау тапсырылды.

Астрахан ауданының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1277093?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді