
Кеңес отырысында білім беру ұйымдары басшыларының педагогикалық әдеп нормаларын сақтауы, педагогикалық әдепті бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуы талқыланды.
Осы ретте, педагогикалық әдеп кеңесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» № 190 бұйрығының талаптарына сәйкес адалдық, әділдік, жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу, патриотизм, жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік, кәсіби ынтымақтастық, үздіксіз кәсіби даму қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар және педагогтердің құқықтарының бұзылуына қатысты ұсынылған дәлелдер қаралды. Нәтижесінде тәртіптік жауапкершілік мәселесін қарау жөнінде тиісті шешімдер қабылданып, ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1278278?lang=ru

Жауап қалдыру