
2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасының № 196-VIII ҚРЗ Заңы қабылданды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай өзгерістер енгізілді.
Қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) оларда жұмыстарды орындауға тартылатын ұйымдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін құрады не осындай қызметтермен шарт жасасады.
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құрамы мен жарақтандырылуына қойылатын талаптар белгіленді. Қызметтің құрамында құтқарушылар, қажетті ғимараттар мен құрылыстар, оқу-жаттығу полигоны, шаң және газ талдау зертханасы, арнайы техника, жабдықтар мен аппаратура болуы тиіс. Аттестаттау тәртібі өзгертілді. Қайта аттестаттау алынып тасталды. Алғашқы, мерзімдік және кезектен тыс аттестаттау түрлері көзделді. Мерзімдік аттестаттау бес жылда бір рет өткізіледі.
Аттестаттау нәтижелері бойынша қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқылауға қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беріледі. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің ғимараттары мен құрылыстарының мамандандырылған кешеніне қатысты өзгерістер қолданысқа енгізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1276742?lang=ru

Жауап қалдыру