
2025 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын, сондай-ақ Бас прокурордың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы салалық бұйрықтарын сақтау мәселелеріне арналған құқықтық түсіндіру іс-шарасы өтті.
Дәрісті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері аға прокуроры Б.Уалиев пен А.Менешева жүргізді. Олар заңнаманың негізгі аспектілерін және оның тәжірибеде қолданылуын жан-жақты түсіндірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/979978?lang=kk

Жауап қалдыру