Саябақтар мен аллеяда абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыөзек ауылында саябақтар мен аллеялардағы сырлау және шөп шабу жұмыстары республикалық «Таза Қазақстан» акциясы мен маусымдық абаттандыру жұмыстары аясында жүргізілуде. Бұл шаралар қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға және тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған. Атқарылып жатқан жұмыстардың түрлері:

-көгалдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының маңындағы өсіп кеткен шөптер мен арамшөптерді орып, ретке келтіру;

-орындықтарды, жарық шамдарын, қоршаулар мен балалар алаңдарын сырлап, сыртқы келбетін жаңарту;

-қоқыстарды жинау, ағаштардың бұталарын кесу, суғару және абаттандырылған аумақтарды күтіп ұстау.

Ауыл тазалығына үлес қосып жатқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-saryozek/press/news/details/1276648?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді