
Дүниежүзілік фотосурет күні – әлемдегі кәсіби мамандар мен фотоөнер әуесқойларын біріктіретін мереке. Бұл күні фотокөрмелер, шеберлік сабақтары мен шығармашылық кездесулер өтеді. Музейлерде арнайы экспозициялар ұсынылып, фотографтар интернетте өздерінің үздік жұмыстарымен бөліседі.
XIX ғасырда адамның алғашқы бейнелері, табиғат фотосуреттері, медициналық және рентген суреттері, фотомонтаж, қозғалысты түсірген кадрлар, жылдамдықпен түсірілген түрлі-түсті фотосуреттер, ал XX ғасырда алғашқы цифрлық фотосуреттер пайда болды.
Бүгінде адамдардың басым бөлігі қағазға басып шығарылатын дәстүрлі фотосуреттерден бас тартып, естелік үшін түрлі тасымалдағыштардағы цифрлық суреттерді ғана сақтайды. Фотосуреттер жеке оқиғаларды бейнелейтін маңызды құрал ғана емес, сонымен қатар ақпарат берудің өзекті визуалды тәсілі, тіпті сайттар мен әлеуметтік желілердегі негізгі құралдардың біріне айналды.
Ұсынылып отырған фотосуреттер – жасанды интеллект туындысы емес. Бұл – ШҚО әкімінің фотографы Аслан Төлеповтің шығармашылығы мен еңбегі. Оның фотосуреттері Шығыс Қазақстан облысының күнделікті тыныс-тіршілігін, оның ғажайып табиғатын көрсетеді! Аслан Төлеповтің фотосуреттеріндегі пейзаждары туған өлкеміздің тұмса табиғатының бар сұлулығы мен алуан түрлілігін көрсетеді!
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1276622?lang=ru

Жауап қалдыру