Сандықтау ауданының тәрбиешісі облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті. Өңір тарихында алғаш рет өткен іс-шараға онлайн форматта 5 мыңнан астам қатысушы қосылса, 60-қа жуық педагог офлайн форматта қатысты.
Конференция барысында 13 педагог медальдармен, Оқу-ағарту Министрлігінің төсбелгілерімен және Алғыс хаттармен марапатталды. Төрт мектепке 5 млн теңгеден сертификаттар табысталса, облыстық байқаулардың жеңімпаздары 10 млн теңгеден иеленді.
Әсіресе, марапатталғандардың қатарында Сандықтау ауданының өкілі – «Ер-Төстік» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Оксана Наговицынаның болғанын ерекше атап өткен жөн. Кәсіби шеберлігі, өз ісіне деген адалдығы және білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оған Ақмола облысының әкімі атынан Алғыс хат табысталды.
Оксана Наговицынаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған алдағы кәсіби қызметінде толағай табыс, жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт және тәрбиеленушілерінің алғысына бөлене беруін тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1276609?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді