Жаңа ветеринариялық пункттің құрылысын бастауға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауылымызда жаңа ветеринариялық пункттің құрылысын бастауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс орны белгіленіп, алдағы жұмыстарды нақтылау мақсатында қауымдастық мүшелерімен бірге құрылыс жұмыстарының сызбасы қаралды. Сонымен қатар мердігер мекеме өкілдерімен құрылыс барысы, жұмыс тәртібі және бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Әрбір жұмысты алдын ала жан-жақты ақылдасып, тұрғындардың пікірін ескере отырып жүзеге асыру – басты назарымызда. Ветеринариялық пункттің сапалы әрі талапқа сай салынуы ауылымыздағы мал шаруашылығын дамытуға және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыруға өз септігін тигізеді.

Алдағы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуы тұрақты бақылауда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1276598?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді