
Елордада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында 40 арнайы “SOS” батырмасы орнатылған. Бұл батырмалар арқылы тұрғындар шұғыл жағдайда бірден полицияның көмегіне жүгіне алады.
Солардың бірі Түркістан көшесінде орналасқан “SOS” батырмасы арқылы тіркелді. Қала тұрғыны Ботаникалық бақтан Samsung телефонын тауып алғанын айтып, полицияға хабарласқан.
Ақпарат түскен бойда полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, табылған телефонды қабылдап алды. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде құрылғының иесі анықталып, телефон оған қайтарылды.
Жыл басынан бері қала аумағында орналасқан “SOS” батырмалары арқылы 19 хабарлама келіп түскен.
Полиция азаматтарды жоғалған немесе табылған заттарға қатысты ақпаратты жасырмай, тиісті қызметтерге хабарлауға шақырады. “SOS” батырмалары осындай жағдайларда полициямен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1276480?lang=ru

Жауап қалдыру