«Жемқорлыққа бірге қарсы тұрайық»: Қарақұдық ауылында мазмұнды әңгімелесу ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақұдық ауылдық кітапханасында оқырмандармен «Жемқорлыққа бірге қарсы тұрайық» тақырыбында мазмұнды әңгімелесу өтті.

Іс-шараның мақсаты — ауыл тұрғындарының, әсіресе жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда әділдік, адалдық және парасаттылық құндылықтарын насихаттау.

Шара барысында қатысушылар мен кітапханашы өзара пікір алмасып, жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы ашық әңгімелесті. Әр түрлі буын өкілдерінің қатысуымен өткен бұл кездесу өскелең ұрпақтың ғана емес, жалпы азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталған маңызды шара болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1276479?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді