Еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары Ақмола облысы әкімдігінде талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өндірістегі жазатайым оқиғалар санының өсу себептері, өндірістік жарақаттану, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен өткен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кеңейтілген отырысында талқыланды. Диалогқа мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың өкілдері, жұмыс берушілер, сондай-ақ аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Қаралған мәселелер бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Ерлан Абжатов, Ақмола облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов, Біржан сал ауданының «ҚазГер» ЖШС бас инженері Марат Бигильдинов және Зеренді ауданының «Молочный завод Садовое» ЖШС персонал жөніндегі менеджері Надежда Плохова ақпарат берді.

Еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, ұжымдық шарттарды жасасу және цифрландыру, сондай-ақ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі мәліметтер мен міндетті зейнетақы жарналары туралы деректер арасындағы алшақтық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бермеу басты міндет болып қала береді. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, профилактикалық жұмысты күшейту және жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау қажет. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына жүйелі түрде оқытуға, олардың біліктілігі мен белгіленген нормалар мен қағидаларды сақтау жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударған жөн. Жұмыскерлерді оқыту – өндірістік жарақаттанудың алдын алудың негізгі құралдарының бірі және ол тұрақты негізде жүргізілуі тиіс», – деп атап өтті Алтынай Әміренова.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға өндірістік жарақаттанудың алдын алу жұмыстарын күшейту, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1278316?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді