Экобелсенділер дауыс берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырауда №8 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Бүгін мұнда «JER ECO HUB» экологиялық бастамасының белсенді жастары да келіп, өз таңдауын жасады. Олар сайлау учаскесіне келмес бұрын қала аумағын тазарту акциясына қатысып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартқан.

«JER ECO HUB» жастары Тұрғындар қалашығындағы көпірден бастап қала әкімдігіне дейінгі аумақты тазалады. Экологиялық акцияға қатысушылар мұндай шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, қаланың тазалығына үлес қосып келеді. Бүгін де игі істі аяқтаған жастар бірден №8 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.

– Бүгінгі күн барлығымыз үшін маңызды. Өйткені қоғамның алдағы дамуына әсер ететін шешімдер қабылданып жатқанын түсінеміз. Біз үшін қоршаған ортаға қатысты мәселелерде ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді болу маңызды, -«JER ECO HUB» ӨКІЛІ ӘСЕЛ ҒҰМАРОВА

№8 сайлау учаскесінде 1088 азамат тіркелген. Таңнан бері тұрғындар келіп, өз таңдауларын жасауда. Комиссия төрағасының мәліметінше, учаске ашылғалы жүзден астам адам дауыс берген. Ал денсаулық жағдайына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтар үшін үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Қазірге дейін мұндай 10 өтініш түскен.

– №8 учаскеде барлығы 1088 адам тіркелген. Бүгін дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Қазіргі уақытқа дейін жүзден астам адам дауыс берді. Сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс беретін азаматтар бар. Қазірге дейін он өтініш келіп түсті. Өтініштер сағат 12:00-ге дейін қабылданады, деді №8 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ МӘНШҮК ЗАКАРИНА

Жалпы, бүгін Атырау облысында 278 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Барлығы таңғы сағат 7:00-де ашылды. Тұрғындар кешкі сағат 20:00-ге дейін өз таңдауын жасай алады. Дауыс беру барысын байқаушылар қадағалап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1278501?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді