
Атырау қаласындағы №9 сайлау учаскесінде 1343 азамат дауыс беруге тіркелген. Олардың ең үлкені – 90 жаста. Сағат 11:00-ге дейін учаскеге 200-ге жуық сайлаушы келіп, өз таңдауын жасады.
Сайлаушылар қатарында «Күміс еріктілер» қозғалысының 40-қа жуық өкілі де бар. Олар дауыс беріп, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
«Еліміз үшін маңызды күн. Бүгін «Күміс еріктілермен» бірге азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге келдік. Өз таңдауымызды жасадық. Болашағымыз жарқын болсын», – деді «Күміс еріктілер» қозғалысының өкілі Гүлжан Хиту.
Заңнамаға сәйкес, сайлау учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Азаматтар осы уақыт аралығында өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіре алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1278531?lang=ru

Жауап қалдыру