Құтқарушылар жоғалған демалушыларды жағаға жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ШҚО-ның Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында ер адам мен әйел қайықпен суға шығып, демалыс базасына ұзақ уақыт бойы оралмаған.

Арада үш сағат өткен соң олардың туыстары алаңдап, құтқарушылардан көмек сұраған.

Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізіп, демалушыларды жағадан шамамен 2 шақырым жерден тапты. Ер адам мен әйел жағаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтап, жақындарыңызға қайда және қашан шығатыныңызды алдын ала хабарлауды ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1278583?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді