Білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 тамыз күні Естай атындағы Мәдениет сарайында «Жаңа Халық Конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Жалпы орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Зауреш Ахмадова, Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Чингиз Макенов, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, білім саласының ардагерлері мен қала педагогтері қатысты.

Конференция аясында өткен оқу жылындағы білім беру саласының қызмет қорытындылары шығарылып, жаңа оқу жылының стратегиялық бағыттары айқындалды. Педагогтер мен педагогикалық ұжымдарды марапаттау рәсімі өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1278651?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді