
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Каменка, Лесное және Байдалы ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы барысымен танысты.
Нысандардағы құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Аудан әкімі жұмыс сапары барысында құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайымен танысып, белгіленген мерзімдердің сақталуы мен атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Каменка ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысының 95%-ы аяқталды. Қазіргі уақытта қабырғалар мен төбелерді су эмульсиялы бояумен бояуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ шатырға шығуға арналған баспалдаққа қатысты дәнекерлеу жұмыстары атқарылуда. Нысанды пайдалануға беру 31 тамызға жоспарланған.
Лесное ауылындағы нысанның құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі 70%-ды құрайды. Бүгінде ғимараттың ішінде әрлеу жұмыстары жүргізіліп, іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Алдағы уақытта ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтау, жылыту жүйесін монтаждау және аумақты абаттандыру жұмыстарын толық аяқтау жоспарланған.
Байдалы ауылында ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда. Қабырғаларға левкас жағу жұмыстары жүргізіліп, одан кейін соңғы әрлеу жұмыстары орындалады. Сонымен қатар қоршаулар орнатылып, кіреберіс аймаққа плитка төселуде және пандус монтаждалуда.
Аудан әкімі жауапты тұлғаларға жұмыстардың тиісті сапада орындалуын, құрылыс нормалары мен талаптарының, сондай-ақ нысандарды белгіленген мерзімде аяқтау кестесінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1278674?lang=ru

Жауап қалдыру