
Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Осы маңызды саяси науқанға орай Түркістан облысының бірқатар қала-аудандарында тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін әрі кедергісіз жетуіне жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлік тегін қатынауда. Атап айтқанда, Түркістан мен Арыс қаласында және Қазығұрт ауданында қоғамдық көліктер жолаушыларды ақысыз тасымалдауда. Бұл – тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне қатынауын жеңілдетіп, азаматтардың өз таңдауын жасауына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін облыс көлемінде 65 инватакси, 49 әлеуметтік такси, 56 қосымша автокөлік, 209 сурдоаудармашы және 770 жеке көмекші жұмылдырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1278776?lang=ru

Жауап қалдыру