
Еліміздің өңірлерінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының шағын гранттары аясындағы жобалары жалғасып жатыр.
Түркістан облысындағы әлеуметтік жобалар мүгедектігі бар адамдар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды кәсіпке бейімдеуге және жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған.
Түркістан қаласында «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры мүгедектігі бар адамдар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға кәсіптік оқыту бағдарламасын ұсынды. Нәтижесінде 10 адам кілт жасау технологиясын меңгерді. Сонымен қатар қатысушыларға өз кәсібін бастауға арналған бизнес-жоспар әзірлеуге көмек көрсетіліп, жас кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.
«Мейірім керуені» атты келесі жоба жастарды волонтерлік қызметке даярлауды көздейді. Бастама аясында 200 жасты оқыту жоспарланған. Олар алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін меңгеріп, көшбасшылық, тиімді қарым-қатынас құру және командада жұмыс істеу дағдыларын үйренеді. Сонымен бірге SMM және бейнемонтажды қоса алғанда, медиа және цифрлық дағдыларын жетілдіреді.
Бұдан бөлек, LeadUp Turkistan жастар көшбасшылығының кездесуі өтті. Қатысушылар көшбасшылық пен кәсіби даму мәселелерін талқылап, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен танысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1278933?lang=ru

Жауап қалдыру