
Шығыс Қазақстанның алқаптарында егін жинау науқаны жүріп жатыр. Бүгінде 113,8 мың гектар алқаптағы егін жиналды. 215 мың тонна өнім бастырылды, орташа өнімділік гектарына 18,9 центнерді құрады.
ШҚО-дағы егіс алқаптарының жалпы көлемі 611,1 мың гектарды құрайды, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 248,2 мың га, бидай – 153,8 мың га, майлы дақылдар – 255,4 мың га, күнбағыс – 237,5 мың га, мал азықтық дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары.
Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 100 пайызды құрайды. Егін жинау жұмыстарына 9,6 мың трактор, 1,4 мың комбайн, 6,4 мың топырақ өңдеу техникасы жұмылдырылған.
Өсімдік шаруашылығын дамытуға 3,4 млрд теңге бөлініп, субсидиялардың 99,5%-ы төленді. Далалық жұмыстарды қаржыландыру «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Осылайша, 12,1 млрд теңге берілді. Сонымен қатар, «Ертіс» ӘКК арқылы 10 млрд теңге бөлінді.
Жұмыс барысында жеңілдетілген дизель отыны пайдаланылуда, оның құны 1 литріне 290 теңгені құрайды. Бүгінгі таңда Павлодар мұнай-химия зауыты («ПМХЗ» ЖШС) 19 мың тонна дизель отынын жеткізді.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға келсек, өткен жылдың басынан бері «ҚазАгроҚаржы» арқылы 13,7 млрд теңгеге 414 бірлік техника мен жабдық лизингке берілді.
Өнімді өңдеу және сақтау бойынша жалпы қуаттылық 757,3 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде 300 механикаландырылған ток, тәулігіне 58 мың тонна астық кептіруге қауқарлы 83 кептіргіш, сыйымдылығы 350,7 мың тонна болатын 6 лицензияланған элеватор, 250 мың тонна өнімге арналған қосымша сақтау орындары бар.
Егін жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтау жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1278942?lang=ru

Жауап қалдыру