
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында «Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту» тақырыбында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізіліп, оған дін істері, ішкі және жастар саясаты салаларының өкілдері, ардагерлер ұйымы және өзбек этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында жалпыұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау, өзара түсіністік пен татулықты қалыптастырудың маңызы жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Қаратау ауданында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулері алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karatau/press/news/details/1279223?lang=ru

Жауап қалдыру