
2026 жылғы 24 тамызда Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғау басқармасында Басқарма басшысының төрағалығымен кеңес өтті.
Кеңес барысында Астана қаласының аумағында, атап айтқанда Есіл және Нұра аудандарында дабыл-дыбыс құрылғыларын орнату үшін бұрын айқындалған орындарды нақтылауға қатысты мәселелер қаралды.
Кеңеске қатысушылар құрылғыларды орналастырудың өзектілігі мен орындылығын қаланың қолданыстағы инфрақұрылымын, аумақтардың ерекшеліктерін, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты тиімді әрі уақтылы құлақтандыру қажеттілігін ескере отырып талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша дабыл-дыбыс құрылғыларын орналастыру орындарын нақтылау және Астана қаласының құрылып жатқан азаматтық қорғау жүйесі шеңберінде олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша одан әрі шаралар айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/1279331?lang=ru

Жауап қалдыру