2026 жылғы 24 тамызда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) мамандары «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының лаборанттарының қатысуымен, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес және Басқарманың 2026 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс жоспарын орындау мақсатында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Құрылыс кентінің қоныстану аумағындағы бақылау нүктелерінде шу деңгейіне (авиациялық шу ерекше акустикалық тітіркендіргіш ретінде әуежайлардың қоныстану аумағындағы шу режиміне айтарлықтай әсер етеді) және атмосфералық ауа сапасына (әуе айлағының әсер ету аймағындағы тұрғын үй құрылысы объектілері) жоспарлы мониторинг жүргізді. Мониторинг жүргізудің мақсаты – тұрғын үй құрылысы аумағындағы шу режимінің неғұрлым дәл сипаттамасын айқындау, шудың ең жоғары деңгейлерін ескере отырып, дыбыстың эквивалентті деңгейлерін анықтау, сондай-ақ ұшатын әуе кемелерінің әсерінен атмосфералық ауаның ластануын бағалау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1279365?lang=ru

Жауап қалдыру