Өрт сөндірілді — тергеу жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Анықтаушылар объектілерді өрт-техникалық зерттеу саласындағы сарапшымен бірлесіп, бұған дейін өрт болған нысанда практикалық сабақ өткізді.Сабақ барысында қызметкерлер өрт болған жерді қарап-тексеру және оның салдарын тіркеу тәртібін практика жүзінде пысықтап, зақымдану сипатын зерделеді. Сондай-ақ өрт ошағын және өрттің шығу ықтимал себебін анықтаудың ерекшеліктерін талқылады.Өрттен кейін қалатын және болған оқиғаның мән-жайын анықтауда маңызды рөл атқаратын белгілер мен іздерге ерекше назар аударылды.Мұндай практикалық сабақтар анықтаушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, жүргізілетін тексерулердің сапасын арттыруға және теориялық білімді практика жүзінде бекітуге мүмкіндік береді.Өрт өз ізін қалдырады. Ал маманның міндеті — сол іздерді дұрыс оқып, оқиғаның мән-жайын анықтау.

Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1279383?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді