Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, оларды кезең-кезеңімен бейімдеу және жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйін зерделеу.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24.08.2026 жылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мүгедектігі бар адамдарды  әлеуметтік  қорғау салсындағы үйлестіру кеңесінің  кезекті отырысы өткізілді.

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осыған байланысты әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында цифрлық сервистер кеңінен енгізілуде. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарына, жеке көмекші және ымдау тілі маманы қызметтеріне тапсырыс беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар қолжетімділік талаптарының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша объект иелеріне нұсқамалар  беріледі. Жаңадан салынып жатқан және қайта жаңғыртылатын нысандардың жобалау кезеңінен бастап қолжетімділік талаптарының сақталуы бақылауға алынады.

Алдағы кезеңде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін толық бейімдеу жұмыстарын жалғастыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту және қолжетімді орта құру бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын жетілдіру жоспарлануда.

Қорытындылай келе, мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру – тек заң талаптарын орындау ғана емес, әрбір азаматтың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің маңызды кепілі болып табылады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-mangystau/press/news/details/1279382?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді