Мектепке жол

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылы қарсаңында мәслихат аппаратының қызметкерлері жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.

Акция аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға атаулы көмек көрсетуге бағытталған.

Акция аясында қалалық мәслихаттың қызметкерлері КММ «Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің» 4-сынып оқушысы Мырзағазы Рахат Әлидің көпбалалы отбасына материалдық көмек көрсетті.

Осындай бастамалар ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін отбасыларға қолдау көрсетуге ықпал етіп, балаларға жаңа оқу жылын сеніммен бастауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-lisakovsk/press/news/details/1279461?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді