
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осыған орай балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі ерекше бақылауға алынып, елімізде “Назар аударыңыз, балалар!” республикалық акциясы басталды.
Акция аясында полиция мен жауапты ведомстволар қауіпсіз орта қалыптастыру жұмыстарын күшейтті. Мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен таңбалары түгелдей тексеріліп, білім беру ұйымдарының жол инфрақұрылымы бойынша 548 нұсқама берілді. Сондай-ақ оқушыларды тасымалдайтын мектеп автобустарының қауіпсіздігі қатаң бақылауда.
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, жол ережелерін қатаң сақтауға, ал ата-аналарды балаларға мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда және интернетте қауіпсіздік ережелерін күн сайын еске салып отыруға шақырады. Балалардың өмірі мен денсаулығы – ортақ жауапкершілік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1279497?lang=ru

Жауап қалдыру