
Ұлытауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы сурет көрмесі өтті — бұл тек шығармашылық туындылардың көрмесі емес, әділдік пен азаматтық жауапкершілікті дәріптейтін маңызды алаң болды.
Әр сурет — автордың ішкі үні, оның азаматтық ұстанымының бейнесі. Жас суретшілер өнер арқылы жемқорлыққа төзбеушілік пен әділ қоғамға ұмтылысын білдірді. Бұл — үлкен маңызы бар қадам!
Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Әбішев жас суретшілердің шығармалары жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан зор үлестері екенін атап өтті.
Қатысушылар белсенділігі мен қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалаудың белгісі ретінде естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Заң мен тәртіпті сақтау — ортақ міндетіміз. Жемқорлықсыз болашақты бірге құрайық!
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/982690?lang=kk

Жауап қалдыру