ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📢 2026 жылғы 1–15 қыркүйек аралығында Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді кезекті қабылдау жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 79-4-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу жүзеге асырылады.

📌 Өтініштерді кімдер бере алады?
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда).

📍 Өтініштер кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша қабылданады.

🔹 Рудный қаласы бойынша өтініш қабылдау және толық ақпарат алу үшін:

«Рудный қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ
📌 Мекенжайы: Рудный қ., Космонавтар даңғылы, 12, №314 кабинет
📞 Байланыс телефоны: 8 (71431) 4-56-52

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін тізілімге енгізу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз!

қағидалары

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1279892?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді