Ауданда жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, алдағы жылу маусымына дайындық барысы талқыланды.
Мәжілісте жылу беру нысандарының, қазандықтардың, жылу желілерінің және әлеуметтік нысандардың қысқы кезеңге дайындығы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар жылу маусымын тұрақты өткізу үшін қажетті отын қорын қалыптастыру, жылу қазандықтарының техникалық жағдайын тексеру, инженерлік желілерді ретке келтіру мәселелері қаралды.
– Жылу маусымын тұрақты өткізу – ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайын қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Сондықтан әрбір жылу нысанының дайындығы мұқият тексеріліп, анықталған кемшіліктер толық жойылуы тиіс. Отын қоры жеткілікті көлемде жасақталып, жылу жүйелерінің техникалық жағдайы бақылауда болуы қажет. Дайындық жұмыстарына жауапты мекемелер нақты жоспар бойынша жұмыс жүргізіп, маусым басталғанға дейін барлық нысандардың толық әзірлігін қамтамасыз етуі керек, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Жиын қорытындысымен жауапты сала басшыларына жылу маусымына дайындық жұмыстарын жандандырып, қазандықтар мен жылу желілерінің техникалық әзірлігін толық қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1279913?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді