ҚЫСҚЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүйелі жалғасуда. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы кезекті нысандарды аралау барысында жылу қазандықтары мен жылу желілерінің жай-күйімен танысып, алдағы қысқы кезеңге әзірлікті тексерді.
Қала басшысы №1 мөлтек аудандағы тұрғын үйлерде жүргізіліп жатқан магистральдық жылу желілерінің қайта жаңғырту жұмыстарын да арнайы аралады. Жауапты сала басшыларымен көшпелі жиын өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын талқылады.
Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар жауапты мамандарға ескерту беріп, қысқы жылыту маусымына дайындықтың әр кезеңі маңызды екенін атап өтті. Жоспар бойынша жұмыстарды белгіленген мерзімде, әрі сапалы аяқтауды қатаң тапсырды.
Сондай-ақ, қала аумағындағы жылу жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, ақаулардың алдын алып, тұрғындарға жылуды үздіксіз жеткізу мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды жүктеді.
Қазіргі таңда қалада 18 жылу қазандығы және 56,3 шақырым жылу желісі жұмыс істейді. Орталықтандырылған жылумен 367 нысан қамтылған. Оның ішінде 204 көпқабатты тұрғын үй, 53 жеке тұрғын үй және 134 бюджеттік әрі кәсіпкерлік нысан бар.
Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау бойынша жылу жүйелерін қысымдау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1279953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді