«ТҮРКІСТАН» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСПЕН ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Астанада өткен КЛЛФ-2026 Қазақстан біріншілігінде 50+ жас санаты бойынша ел чемпионы атанған «Түркістан» командасы бүгін туған қаласына жеңіспен оралды.
Қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов пен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев спортшылардың жақындары және футбол жанкүйерлерімен бірге жеңімпаз команданы теміржол вокзалынан қарсы алып, айтулы жеңісімен құттықтады.
Чемпиондарымыз ұлттық дәстүрімізге сай ерекше ықыласпен, ақжолтай тілектермен қарсы алынып, туған жерге оралған спортшыларға құрмет көрсетілді.
Сапар барысында команда мүшелері Түркістандағы жаңа «RED BUS» экскурсиялық автобусымен қаланың көрікті жерлерін аралап, тарихи-мәдени орындарды тамашалады.
Жеңіс жолында ерекшеленген командаластарымыз да марапатсыз қалған жоқ. Бауыржан Адырбеков «Ең үздік қақпашы», ал Ғалымжан Джуманов «Үздік сұрмерген» номинацияларына ие болып, жоғары шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1279955?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді