АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 тамызда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп, «Болат жол» ЖШС қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізді. Семинардың мақсаты – қызметкерлерге АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупі туралы ақпарат беру және олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Семинар барысында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері бойынша маңызды тақырыптар талқыланды. Атап айтқанда, АИТВ-ға уақтылы тестілеуден өтудің маңызы, АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары және инфекцияның берілмейтін жағдайлары түсіндірілді. Сонымен қатар, мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, инфекцияның алдын алу және денсаулықты қорғау шаралары туралы толық ақпарат берді. Барлық сұрақтарға толық жауаптар беріліп, қатысушыларға ақпараттық материалдар мен парақшалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1279981?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді