МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

Мал ұрлығының алдын алу — әрбір мал иесінің жауапкершілігі. Малдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарапайым сақтық шараларын сақтаудың маңызы зор.
– Мал қораларының есік-терезелерін берік бекітіңіз;
– Мал жайылымда жүрген кезде қараусыз қалдырмауға тырысыңыз;
– Малдың таңбасы, биркасы және басқа да сәйкестендіру белгілерінің болуын қадағалаңыз;
– Мал жоғалған жағдайда уақыт өткізбей тиісті органдарға хабарласыңыз;
– Күдікті адамдарды немесе көлік құралдарын байқасаңыз, ақпаратты құзырлы органдарға жеткізіңіз;
– Мал сатып немесе сатқан кезде қажетті құжаттардың дұрыс рәсімделуіне назар аударыңыз.
  Есте сақтаңыз!
Малдың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау ұрлық қаупін арттыруы мүмкін.
  Ауыл тұрғындарының қырағылығы мен өзара жауапкершілігі — мал ұрлығының алдын алудың маңызды кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-baqtybai-jolbarysuly/press/news/details/1279994?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді