
Бүгін қаламыздың орталық саябағында ерекше мерекелік атмосфера орнады! 5 қыркүйек – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мен жастарға сенемін: ТІЛ-FEST» шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарламада:
Ана тіліміздің мәртебесін асқақтатқан жүрекжарды әндер шырқалды;
Көрермендер арасында «Сөз тап», «Әріптер», «Сөзді жалғастыр» және «Бір адам» сияқты тартысты интерактивті ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды;
«Аңыз» үлгілі хореографиялық би ансамблі өздерінің мың бұралған биімен жиналған көпшілікті тәнті етіп, кешке сән берді.
Ана тіліміз – біздің ар-намысымыз бен баға жетпес байлығымыз! Тіл мерекесі құтты болсын, ағайын!
#Қарқаралы #ТілFest #АхметБайтұрсынұлы #ТілМерекесі #ҚазақТілі АңызБиАнсамблі ЖастарҚарқаралы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1280011?lang=kk

Жауап қалдыру